Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 6С-23/6 "Бұланды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 6С-25/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 6719 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 6С-58/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 21.05.2020 № 6С-58/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұланды аудандық маслихатының "Бұланды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 14 мамырдағы № 6С-23/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6630 болып тіркелген, 2018 жылғы 07 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс 25 – сессияның
төрағасы
Б.Қажақанов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының
әкімі
Ж.Нұркенов

      26 маусым 2018 жыл


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Бұланды ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Есполов

      26 маусым 2018 жыл

  Бұланды аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 26 маусымдағы
№ 6С-25/2 шешіміне
қосымша
  Бұланды аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 14 мамырдағы
№ 6С-23/6 шешіміне
қосымша

Бұланды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Р/с №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштерде)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

12

2

Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

18

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

4

4

Ойын жолы

83

5

Карт

12

6

Бильярд үстелі

3

7

Бұланды ауданында орналасқан уəкілетті ұйымның айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады