Бұланды аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 6С-58/1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 мамырда № 7861 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұланды аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Бұланды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 14 мамырдағы № 6С-23/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6630 болып тіркелген, 2018 жылғы 07 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      2) "Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 6С-23/6 "Бұланды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 26 маусымдағы № 6С-25/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6719 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
К.Рамазанов
      Бұланды аудандық
мәслихат хатшысы
Ш.Кусаинов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Бұланды ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады