Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қаңтарда № 6372 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 05 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 15.06.2018 № 05 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс шұғыл отырысының 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 1 хаттамасына сәйкес Ерейментау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары А.А.Манадыров тағайындалсын және осы шешімнен шығатын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылдың 11 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Ерейментау ауданының
әкімі
Е.Нұғыманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады