Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 6С-8/6-16 "Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 6С-20/4-18 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 6388 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 қазандағы № 7С-33/3-22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 7С-33/3-22 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 510-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 6С-8/6-16 "Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5657 болып тiркелген, 2017 жылғы 14 қаңтарында аудандық "Ереймен" газетiнде, 2017 жылғы 14 қаңтарында аудандық "Ерейментау" газетiнде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 510-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "жоғарылату", "(төмендету)", "жоғарылатылсын", "(төмендетілсін)" сөздері "арттыру", "(азайту)", "арттырылсын" , "(азайтылсын)" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Е.Имашев
      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының
әкімі
Е.Нұғыманов

      24 қаңтар 2018 жыл

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ерейментау ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесiнің басшысы
Ж.Тубеков

      24 қаңтар 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады