Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Ерейментау ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Мерзімі біткен

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 6С-21/6-18 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 наурызда № 6496 болып тіркелді. Шешім 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Шешімнің қолданыста болу мерзімі - 01.01.2020 дейін (шешімнің 2-т.).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Ерейментау ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Е.Имашев
      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының
әкімі
Е.Нұғыманов

      13 наурыз 2018 жыл

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Ерейментау
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесiнің басшысы
Ж.Тубеков

      13 наурыз 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады