Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 20.04.2020 № 6С-48/5-20 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"6) күнкөріс деңгейінен төмен кірісі бар отбасыларға (азаматтарға), жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуіне (ота);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 15724 тіркелген) бұйрығымен бекітілген тізбеге кірмейтін дәрілік препараттарды сатып алғандары үшін дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша;".
2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Е.Имашев |
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ.Махметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ерейментау ауданының әкімі |
Е.Нұғыманов |
29 наурыз 2018 жыл