Ақмола облысы Біржан сал ауданы Донской ауылдық округінің Невский ауылында көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы Донской ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қыркүйекте № 6781 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізіңде Донской ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Біржан сал ауданы Донской ауылдық округінің Невский ауылында көшелер қайта аталсын:

      1) Майская көшесі Қабанбай батыр көшесіне;

      2) Строительная көшесі Мұхтар Әуезов көшесіне;

      3) Ленин көшесі Сәкен Сейфуллин көшесіне;

      4) Первомайская көшесі Керей мен Жәнібек хандар көшесіне;

      5) Советская көшесі Біржан сал көшесіне;

      6) Ленинградская көшесі Құрманғазы көшесіне;

      7) Садовая көшесі Жамбыл Жабаев көшесіне;

      8) Целинная көшесі Қазыбек би көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Донской ауылдық округінің
әкімі
Ж.Әубакіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады