РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарқайың аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-18/3 "Жарқайың ауданы бойынша 2017-2018 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6260 тіркелген, 2018 жылғы 12 қаңтарда "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Самаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ұ.Ахметова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жарқайың ауданының әкімі |
М.Балпан |
20.04.2018