"2018 жылға арналған Жарқайың ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" Жарқайың ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № А-11/418 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № А-12/369 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қарашада № 6880 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 маусымдағы Қылмыстық-атқару кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарқайың ауданы әкімдігінің "2018 жылға арналған Жарқайың ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" 2017 жылғы 1 қарашадағы № А-11/418 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6166 тіркелген, 2017 жылы 24 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.М.Нұрмағамбетоваға жүктелсін.

      3.Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі М.Балпан

  Жарқайың ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "28" 11
№ А-12/369 қаулысына
қосымша
  Жарқайың ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "01" 11
№ А-11/418 қаулысына
2 қосымша

Жарқайың ауданы бойынша 2018 жылға бас бостандығынан
айыру орандарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Жарқайың ауданының "Коммунсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

121

2

2

"Айко" шаруа қожалығы

4

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады