2018 жылға арналған Жарқайың ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № А-11/418 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 қарашада № 6166 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес, 2018 жылға арналған Жарқайың ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданы
әкімінің м.а.
Д.Шәкіров

  Жарқайың ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "1" 11
№ А-11/418 қаулысына
1 қосымша

Жарқайын ауданы бойынша 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Жарқайың ауданының "Коммунсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

121

2%



  Жарқайың ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "1" 11
№ А-11/418 қаулысына
2 қосымша

Жарқайын ауданы бойынша 2018 жылға бас бостандығынан айыру орандарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 28.11.2018 № А-12/369 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Жарқайың ауданының "Коммунсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

121

2

2

"Айко" шаруа қожалығы

4

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады