Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Мерзімі біткен

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-21-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 6530 болып тіркелді. Шешім 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Шешімнің қолданыста болу мерзімі - 01.01.2020 дейін (шешімнің 3-т.).

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 50 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге арттырылсын.

      2. Жақсы аудандық мәслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 21 шілдедегі № 6ВС-5-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5493 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 тамыздағы "Жақсы жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қантарға дейін қолданылады.

      Жақсы аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Ұ.Шакеев
      Жақсы аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б.Жанәділов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жақсы ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков

      2018 жылғы "16" наурыз

      Казақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Акмола обласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жақсы ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" Республикалық
      мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Т.Коваленко

      2018 жылғы "16" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады