Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 15.02.2019 № а-0/34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2- тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жақсы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Ш.Сейдахметоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Малғаждаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Жақсы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы |
С.Бектурсинов |
"20" 07 2018 жыл
Жақсы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "20" 07 № а-7/229 қаулысына қосымша |
Жақсы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1-тарау. Көтермелеудің түрлері
1. Жақсы ауданы әкімінің алғыс хаты.
2. Ақшалай сыйақы.
2-тарау. Көтермелеудің тәртібі
3. Осы тәртіп Жақсы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.
4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Жақсы ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.
5. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Жақсы ауданының ішкі істер бөлімі" (бұдан әрі – ІІБ) мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.
6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
7. Ақшалай сыйақыны төлеуді ІІБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.
8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ІІБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрық шығарылады.
9. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Жақсы ауданы әкімінің алғыс хатын табыстау ІІБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.
3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері
10. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.