Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 21.12.2023 № 8С-17-5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі № 6ВС-26-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6728 тіркелген, 2018 жылғы 19 шілдедегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
П.Казьмин |
Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанәділов |
"Келісілді"
Жақсы ауданының әкімі |
Б.Малғаждаров |
2018 жылғы 13.12.
Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 шешімімен бекітілген |
Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 26.05.2022 № 7С-29-5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 21.09.2022 № 7С-36-4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2023 № 7ВС-46-5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жақсы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалар Жақсы ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мерекелік күндерге және атаулы күндерге ақшалай түрде көрсететін көмек түсініледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.
6. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында, және "Ардагерлер туралы" (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары, осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 17.01.2023 № 7ВС-46-5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Мерекелік күндерге және атаулы күндерге әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі:
1) Жеңіс күні - 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 100 000 (жүз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына - 100 000 (жүз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 100 000 (жүз мың) теңге;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 100 000 (жүз мың) теңге;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға - 60 000 (алпыс мың) теңге;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 100 000 (жүз мың) теңге;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға - 60 000 (алпыс мың) теңге;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне; екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайы) - 60 000 (алпыс мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайы) - 30 000 (отыз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 30 000 (отыз мың) теңге;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 30 000 (отыз мың) теңге;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш;
Ауғанстаннан басқа, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне -10 (он) айлық есептік көрсеткіш;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.
2) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан:
басқа мемлекеттердің аумағында, атап айтқанда Ауғанстан аумағында соғыс ардагерлеріне - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;
3) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:
саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;
5) 25 қазан - Республика күні:
ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға, барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 17.01.2023 № 7ВС-46-5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8. Уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде ай сайын:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік көмек - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа адамдарға, ай сайын - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде".
9. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындау үшін өтініш бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет немесе мерзімді (ай сайын) тексеру актісінің учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде көрсетіледі:
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) өмірлік қиын жағдайға тап болған деп танылған азаматтарға (отбасыларға), оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың, айналадағыларға қауіп төңдіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі:
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жақсы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған қатерлі ісіктері бар адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай бір рет-15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, бір рет - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай тағайындалады, ең төмен күнкөріс деңгейінің - 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жақсы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған, туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға өтініш бермей ай сайын - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
3) өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтарға (отбасыларға) жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мынадай негіздер бойынша:
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;
пробация қызметінің есебінде болуы;
4) ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматарға (отбасыларға), бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
шұғыл емделуге (ота);
кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;
табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) аз қамтылған және халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан студенттерге және мүгедектігі бар ауылдық жерде тұратын, колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын студенттерге, өтініш, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде;
6) жетім балалар, аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылар қатарындағы, ауылдық жерде тұратын, жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде, жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде оқитын студенттерге өтініш, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарт, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарға жататынын растайтын анықтама негізінде;
"7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, сауықтыру үшін сатып алынатын жолдамалар өтініш берілген күнге сәйкес кезектілік тәртібімен, бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 17.01.2023 № 7ВС-46-5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
10. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
11. Мерекелік күндерге және атаулы күндерге әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
12. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жақсы ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
13. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
4 тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
14. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) алушының қайтыс болуы;
2) алушы Жақсы ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кетуі;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігінің анықталуы.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
15. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5-тарау. Қорытынды ереже
16. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.