РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Қызылсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі Киров ауылының көшелері қайта аталсын:
Ленин көшесі Сәкен Сейфуллин көшесіне;
Островский көшесі Ақан сері көшесіне;
Новоселов көшесі Тәуелсіздік көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылсай ауылдық округінің әкімі |
Қ.Башухина |