2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № А-1/12 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 қаңтарда № 6367 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Е. Қапышевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулының әрекеті 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зеренді ауданының әкімі М.Мұстафин

  Зеренді ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "16" қаңтардағы
№ А-1/12 қаулысымен
бекітілген

2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Балабақша

Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

мемлекеттік

жеке меншік

135

50

110

195

      кестенің жалғасы

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындарының орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарында айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

Балабақша

Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

Балабақша

Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

23869,7

21591,8

16921,6

8460,8

10000

12000

8000

4000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады