Зеренді аудандық мәслихатының 2010 жылғы 2 маусымдағы № 29-181 "Зеренді ауданында барлық салық төлеушілер үшін тіркелген бірыңғай салық мөлшерлемені (бильярд үстелі) белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 19-158 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 6441 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданында барлық салық төлеушілер үшін тіркелген бірыңғай салық мөлшерлемені (бильярд үстелі) белгілеу туралы" 2010 жылғы 2 маусымдағы № 29-181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-137 болып тіркелген, 2010 жылғы 13 шілдеде "Зеренді" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық
мәслихаттың хатшысы
Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының
әкімі
М.Мұстафин

      2018 жылғы "16" ақпан

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министірлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Зеренді ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Шәймерденов

      2018 жылғы "16" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады