Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.10.2019 № 44-295 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Зеренді ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Зеренді ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ.Ауғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының әкімі |
М.Мұстафин |
2018 жылғы "16" мамыр
Зеренді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 мамырдағы № 23-187 шешімімен бекітілген |
Зеренді ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Зеренді ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленеді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Зеренді ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2-тарау. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.
Зеренді ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Зеренді аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауылдың, кенттің, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Зеренді аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 16 мамырдағы № 23-187 шешіміне 2-қосымша |
Зеренді ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Ескерту. 2-қосымша - жаңа редакцияда Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 15.05.2019 № 37-265 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Р/с № | Зеренді ауданының елді мекенінің атауы | Зеренді ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Ақкөл ауылдық округі | ||
1. | Ақкөл ауылы | 8 |
2. | Ивановка ауылы | 2 |
3. | Қазақстан ауылы | 2 |
4. | Молодежное ауылы | 2 |
5. | Туполевка ауылы | 1 |
Айдабол ауылы | ||
6. | Айдабол ауылы | 10 |
Алексеевка кенті | ||
7. | Алексеевка кенті | 11 |
8. | Чаглинка станциясы | 4 |
9. | Жаманащы станциясы | 1 |
Бәйтерек ауылдық округі | ||
10. | Бәйтерек ауылы | 4 |
11. | Өндіріс ауылы | 1 |
12. | Ермаковка ауылы | 1 |
13. | Красный Кордон ауылы | 3 |
14. | Үлгілі ауылы | 1 |
Бұлақ ауылдық округі | ||
15. | Еленовка ауылы | 8 |
16. | Жаңа-ауыл ауылы | 2 |
17. | Жылымды ауылы | 2 |
18. | Қарлыкөл ауылы | 2 |
19. | Қарағай ауылы | 2 |
Викторовка ауылдық округі | ||
20. | Викторовка ауылы | 7 |
21. | Красиловка ауылы | 3 |
22. | Бөгенбай би ауылы | 2 |
Зеренді ауылдық округі | ||
23. | Зеренді ауылы | 16 |
24. | Айдарлы ауылы | 2 |
25. | Көктерек ауылы | 2 |
Исаковка ауылдық округі | ||
26. | Исаковка ауылы | 5 |
27. | Қостомар ауылы | 2 |
28. | Ұялы ауылы | 1 |
Қызылсая ауылдық округі | ||
29. | Қызылсая ауылы | 5 |
30. | Биіктесін ауылы | 1 |
31. | Қызылағаш ауылы | 1 |
Күсеп ауылдық округі | ||
32. | Өркен ауылы | 8 |
33. | Азат ауылы | 3 |
34. | Өзен ауылы | 4 |
35. | Жамбыл ауылы | 1 |
36. | Теректі ауылы | 1 |
Қызылегіс ауылдық округі | ||
37. | Қызылегіс ауылы | 3 |
38. | Қарашілік ауылы | 1 |
39. | Ортағаш ауылы | 4 |
Қонысбай ауылдық округі | ||
40. | Қонысбай ауылы | 8 |
41. | Васильковка ауылы | 4 |
42. | Дөңгілағаш ауылы | 1 |
43. | Гранитный кенті | 3 |
Қанай би атындағы ауылдық округі | ||
44. | Қарауыл Қанай би ауылы | 4 |
45. | Желтау ауылы | 1 |
46. | Жамантұз ауылы | 1 |
47. | Игілік ауылы | 4 |
Ортақ ауылдық округі | ||
48. | Ортақ ауылы | 5 |
49. | Қызылтаң ауылы | 4 |
50. | Қайынды ауылы | 1 |
Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі | ||
51. | Мәлік Ғабдуллин ауылы | 5 |
52. | Дороговка ауылы | 1 |
53. | Серафимовка ауылы | 2 |
54. | Кіші Түкті ауылы | 2 |
Приречное ауылдық округі | ||
55. | Приречное ауылы | 8 |
56. | Павловка ауылы | 3 |
Садовый ауылдық округі | ||
57. | Садовое ауылы | 6 |
58. | Елікті ауылы | 5 |
59. | Заречное ауылы | 3 |
Сарыөзек ауылдық округі | ||
60. | Ақан ауылы | 3 |
61. | Баратай ауылы | 3 |
62. | Уголки ауылы | 2 |
Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округі | ||
63. | Бірлестік кенті | 5 |
64. | Сейфуллин ауылы | 4 |
65. | Жаңатілек ауылы | 1 |
66. | Қараөзек ауылы | 1 |
Симферополь ауылдық округі | ||
67. | Симферополь ауылы | 6 |
68. | Жолдыбай ауылы | 2 |
69. | Бұлақ ауылы | 1 |
Троицкое ауылдық округі | ||
70. | Троицкое ауылы | 5 |
71. | Кеңөткел ауылы | 4 |
72. | Қарсақ ауылы | 2 |
73. | Қошқарбай ауылы | 2 |
Чаглинка ауылдық округі | ||
74. | Шағалалы ауылы | 9 |
75. | Ақадыр ауылы | 3 |
76. | Ескенежал ауылы | 2 |
77. | Еңбекбірлік ауылы | 1 |
78. | Ұялы ауылы | 1 |