РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Күсеп ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Раздольное ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Ленин көшесі Қосағалы батыр көшесіне;
2) Восточная көшесі Қалақ батыр көшесіне;
3) Юбилейная көшесі Жайылған көшесіне;
4) Набережная көшесі Шағалалы көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Күсеп ауылдық округінің әкімі |
Б.Бекболатов |