Қорғалжын аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 1/24 "Қорғалжын ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 5/27 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 сәуірде № 6586 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қорғалжын аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 1/24 "Қорғалжын ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6373 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қорғалжын аудандық
мәслихат сессиясының
төрағасы
Н.Баешев
      Қорғалжын аудандық
мәслихат хатшысы
Ө.Балғабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қорғалжын ауданының
әкімі
Қ.Рыскелдінов

      18.04.2018

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады