Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1/8 "Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 3/34 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 желтоқсанда № 6914 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 7/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 05.12.2023 № 7/9 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қорғалжын аудандық мәслихатының "Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5577 тіркелген, 2016 жылғы 27 қазанда аудандық "Нұр-Қорғалжын" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек алушылардың тізбесі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша мөлшерінде;

      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар – Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша мөлшерінде;

      3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттары – Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша мөлшерінде;

      4) ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерлер, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар – Қарттар күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша мөлшерінде;

      5) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші тұлғалар – Мүгедектер күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша мөлшерінде;

      6) табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен отбасылар (азаматтар) – акт немесе анықтама негізінде табиғи апаттан немесе өрттен кейінгі үш ай мерзімінен кешіктірмей отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғалар (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммун тапшылық вирусымен) – Қорғалжын орталық аудандық ауруханасының есебінде тұрған, есепте тіркелуі туралы растау негізінде жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан, халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерінен (отбасыларынан) шыққан, колледждерде және жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге – оқу орнымен жасалған шарт көшірмесінің, оқу орнынан анықтама, көп балалы отбасынан шыққандығын, немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға немесе халықтың әлеуметтік әлсіз жігіне жататындығын растайтын анықтама негізінде оқу ақысы мөлшерінде. Жоғары медициналық оқу орындарында оқитын болса, шарт аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында жасалады;

      9) 1 және 2 топтағы мүгедектер – жылына бір рет сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар – бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) Ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін бір шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.".

      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қорғалжын аудандық
мәслихат сессиясының
төрайымы
Р.Смагулова
      Қорғалжын аудандық
мәслихат хатшысы
Ө.Балғабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қорғалжын ауданының
әкімі
Б.Ғайса

      2018 жылғы 21 қарашада

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады