Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Г.Е. Кадыроваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Сандықтау ауданының әкімі | А.Исмағамбетов |
Сандықтау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № А-1/18 қаулысымен бекітілген |
2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||
1 | "Ер-Төстік" балабақшасы | 120 | 0 | 32132 | 0 | 10500 | 0 |
2 | "Мирас" балабақшасы | 147 | 0 | 25652 | 0 | 10500 | 0 |
3 | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 267 | 0 | 17616 | 0 | 10500 | 0 |
4 | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 207 | 0 | 10018 | 0 | 5500 | 0 |