РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Максимов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданы Максимов ауылдық округі Максимовка ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Ленин көшесі Мұстафа Шоқай көшесіне;
2) Мир көшесі Жұмабек Тәшенев көшесіне;
3) Набережная көшесі Оқжетпес көшесіне;
4) Валентина Терешкова көшесі Нұрлы жол көшесіне.
2. Сандықтау ауданы Максимов ауылдық округі Спасское ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Молодежная көшесі Алаш көшесіне;
2) Подгорная көшесі Жекебатыр көшесіне.
3. Сандықтау ауданы Максимов ауылдық округі Новый городок ауылының Речная көшесі Жабай көшесіне қайта аталсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Максимов ауылдық округінің әкімі |
Е.Васильцова |