РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К.Айткужиноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі | М.Тәткеев |
Целиноград ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "9" қаңтар № А-1/8 қаулысымен бекітілген |
2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | ||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||
1 | Балабақша | 2173 | 5335 | 26000 | 23869,7 |
2 | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 309 | 0 | 8896,1 | 0 |
кестенің жалғасы:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |
мемлекеттік | жеке меншік |
11000 | 16000 |
0 | 0 |