РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, халықтын пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Новоишимка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданының Новоишимка ауылының көшелері қайта аталсын:
Целинная көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
Ишимская көшесін Атамекен көшесіне;
Садовая көшесін Сауран көшесіне;
Восточная көшесін Алтын Орда көшесіне;
Школьная көшесін Болашақ көшесіне;
Авангардная көшесін Егемен көшесіне;
Широкая көшесін Байтерек көшесіне;
Новая көшесін Желтоқсан көшесіне;
Стадионная көшесін Алаш көшесіне;
Дружба көшесін Достық көшесіне;
Комсомольская көшесін Жайық көшесіне;
Преподавательская көшесін Нұрлы жол көшесіне;
Больничная көшесін Медеу көшесіне;
Космонавтов көшесін Байқоңыр көшесіне;
Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне;
Юбилейная көшесін Сарыарқа көшесіне;
Молодежная көшесін Жастар көшесіне.
2. Целиноград ауданының Семеновка ауылының көшелері қайта аталсын:
10 летие РК көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
Целинная көшесін Ұлы дала көшесіне;
Ватутина көшесін Байқоңыр көшесіне;
Комарова көшесін Оқжетпес көшесіне;
Дружба көшесін Достық көшесіне;
Зеленый переулок көшесін Сарыарқа көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Новоишимка ауылдық округінің әкімі |
Т.Абдуалиев |