Целиноград ауданының Приречный ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Приречный ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 ақпанда № 6425 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Приречный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданының Приречный ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Новая көшесі Достық көшесіне;

      2) Первомайская көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

      3) Комсомольская көшесі Тәуелсіздікке 25 жыл көшесіне;

      4) Советская көшесі Әлихан Бөкейханов көшесіне;

      5) Набережная көшесі Желтоқсан көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Приречный ауылдық
округінің әкімі
А.Утепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады