Целиноград ауданы Софиевка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 желтоқсанда № 6894 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 05 қазандағы қорытындысы негізінде, Софиевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданы Софиевка ауылының қөшелері қайта аталсын:

      1) Ленин көшесін Қабанбай батыр көшесіне;

      2) Молодежный тұйық көшесін Жастар көшесіне;

      3) Комсомольская тұйық көшесін Ақжол көшесіне;

      4) Гагарин көшесін Достық көшесіне;

      5) 40 лет Казахстана көшесін Егемен Қазақстан көшесіне;

      6) Центральная көшесін Орталық көшесіне;

      7) Бауман көшесін Наурызбай батыр көшесіне;

      8) Степная көшесін Ақмол көшесіне;

      9) Элеваторная көшесін Болашақ көшесіне;

      10) № 1 шағын ауданының № 1 көшесін Абай көшесіне;

      11) № 1 шағын ауданының № 2 көшесін Жұмабек Тәшенев көшесіне;

      12) № 1 шағын ауданының № 3 көшесін Бірлік көшесіне;

      13) № 1 шағын ауданының № 4 көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

      14) № 1 шағын ауданының № 5 көшесін Тәуелсіздік көшесіне;

      15) № 1 шағын ауданының № 6 көшесін Қайрат Рысқұлбеков көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Софиевка ауылдық
округінің әкімі
Э.Артыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады