Целиноград ауданы Родина ауылдық округінің Родина, Зеленый Гай ауылдарының құрамдас бөліктерін және Садовое ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 6443 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2017 жылғы 24 қазандағы корытындысы негізінде, Родина ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданы Родина ауылдық округінің Родина ауылының келесі тұйық көшесі қайта аталсын:

      Южный тұйық көшесі Желтоқсан көшесіне.

      2. Целиноград ауданы Родина ауылдық округінің Зеленый Гай ауылының келесі көшелері және тұйық көшесі қайта аталсын:

      Луговая көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

      Новая көшесі Бірлік көшесіне;

      Фруктовый-2 тұйық көшесі Самал көшесіне;

      Новый хутор көшесі Достық көшесіне.

      3. Целиноград ауданы Родина ауылдық округінің Садовое ауылының келесі көшесі қайта аталсын:

      Центральная көшесі Тәуелсіздік көшесіне.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Родина ауылдық
округі әкімі
Б.Газдиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады