Щучинск қаласының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № а-3/66 қаулысы және Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 6С-25/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 наурызда № 6479 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармағына сәйкес, қала халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Щучинск қаласының келесі көшелері қайта аталсын:

      1) 1-я Западная көшесі Кеңжайлау көшесіне;

      2) 2-я Западная көшесі Сарыжайлау көшесіне;

      3) 1-я Звездная көшесі Ынтымақ көшесіне;

      4) 2-я Звездная көшесі Бірлік көшесіне;

      5) 3-я Звездная көшесі Береке көшесіне;

      6) 1-я Кокчетавская көшесі Құлагер көшесіне;

      7) 2-я Кокчетавская көшесі Тұран көшесіне;

      8) 2-я Мельничная көшесі Қазыналы көшесіне;

      9) 3-я Мельничная көшесін Жағалау көшесіне;

      10) 2-я Северная көшесі Солтүстік көшесіне;

      11) 2-я Спортивная көшесі Жігер көшесіне;

      12) 2-я Строительная көшесін Сәулет көшесіне;

      13) 40 лет Казахстана көшесі Арман көшесіне;

      14) 8 Марта көшесі Наурыз көшесіне;

      15) Юбилейная көшесі Мерей көшесіне;

      16) Щебзаводская көшесі Еңбек көшесіне;

      17) Высокая көшесі Таулы көшесіне;

      18) Моховая көшесі Достық көшесіне;

      19) Овражная көшесі Атамекен көшесіне;

      20) Тупиковая көшесі Шапағат көшесіне;

      21) Индустриальная көшесі Өндіріс көшесіне;

      22) Комсомольская көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      23) Пионерская көшесі Жас ұлан көшесіне;

      24) Паровозная көшесі Ардагерлер көшесіне;

      25) Вокзальная көшесі Саяхат көшесіне;

      26) Целинная көшесі Ақбидай көшесіне;

      27) ЩИПТ көшесі Болашақ көшесіне;

      28) СПТУ 7 көшесі Ақжол көшесіне.

      2. Осы Бурабай ауданы әкімдігінің қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихаттың шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының
әкімі
Қ.Қарауылов
      Аудандық мәслихаттың
ХХV (кезектен тыс)
сессиясының төрайымы
Л.Тюкачева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады