Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-23/11 "Бурабай ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-26/11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 6588 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-23/11 "Бурабай ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6275 болып тіркелген, 2018 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ХХVІ сессиясының
төрайымы
Л.Тюкачева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының
әкімі
Қ.Қарауылов

      20 сәуір 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады