"Сайлау учаскелерін құру туралы" Бурабай ауданы әкімінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 13 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 6708 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5573 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Қарауылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
Қ.Мажиков

      2018 жылғы "07" 06

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады