РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Златополье ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Бурабай ауданы Златополье ауылдық округінің кейбір ауылдарындағы көшелерді қайта аталсын:
Первомай ауылының Молодежная көшесі Жастар көшесіне;
Түлкілі ауылының Лесная көшесі Бейбітшілік көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Златополье ауылдық округінің әкімі |
С.Сипульдин |