Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарі туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11838 тіркелген бұйрығына сәйкес, жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болдырмау, су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін жағдайда ұстау мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының коммуналдық меншіктегі алпыс алты су объектілеріне (бөгеттер) су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген жоба негізінде белгіленсін.
2. Ақтөбе облысының коммуналдық меншіктегі алпыс алты су объектілеріне (бөгеттер) су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы - жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен бірлесіп мемлекеттік жер кадастрына тиісті өзгерістер енгізе отырып, су қорғау белдеулерінің жерлерін су қорының жерлеріне аудару жөнінде шаралар қолдансын;
жер пайданушыларға су қорғау аймақтарының, белдеулерінің белгіленген шекаралары мен оларды шаруашылықта пайдаланудың режимін және ерекше жағдайларын жеткізсін;
бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде орналасқан және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыстар жүргізуге;
олардың тиісті санитарлық күйде күтіп ұсталуын, шаруашылықта пайдалану режимін сақтауды, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтығын қамтамасыз етуге ұсыныс жасалсын.
4. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллинге жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Н. Беркімбаева |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ақтөбе аумақтық бөлімінің басшысы |
Х. Бултеев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыз № 141 қаулысына 1-қосымша |
Ақтөбе облысының коммуналдық меншіктегі алпыс алты су объектілеріне (бөгеттер) су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Су объектісі (салалары) | Су қорғау аймақтары мен белдеулері | Орташа көп жылдық судың сабалық кемері | ||
аймағы | белдеуі | ауданы (кв.км) | |||
Қарғалы ауданы | |||||
1 | Әлімбет -1 | 500 | 50 | 0.014 |
135,1-142,0 |
2 | Әлімбет -2 | 500 | 50 | 0.005 | |
3 | Үлкен Әлімбет | 500 | 50 | 0.15 | |
4 | Нововведеновка-1 | 500 | 50 | 0.56 | |
5 | Нововведеновка-2 | 500 | 50 | 0.036 | |
6 | Нововведеновка-3 | 500 | 50 | 0.005 | |
7 | Нововведеновка-4 | 500 | 50 | 0.002 | |
8 | Бам | 500 | 50 | 0.27 | |
9 | Тұзды көл | 500 | 50 | 0.008 | |
10 | Ащылысай | 500 | 50 | 0.14 | |
11 | Преображеновская | 500 | 50 | 0.09 | |
12 | Приозерное | 500 | 50 | 0.20 | |
13 | Үлкен бөгет | 500 | 50 | 0.04 | |
14 | Тайкеткен | 500 | 50 | 0.09 | |
15 | Кемпірсай -1 | 500 | 50 | 0.004 | |
16 | Кемпірсай -2 | 500 | 50 | 0.002 | |
17 | Кемпірсай -3 | 500 | 50 | 0.04 | |
18 | Кемпірсай | 500 | 50 | 0.07 | |
19 | Темір жолдың артындағы Кемпірсай | 500 | 50 | 0.24 | |
20 | Краснополянская -1 | 500 | 50 | 0.06 | |
21 | Краснополянская -2 | 500 | 50 | 0.11 | |
22 | Краснополянская -3 | 500 | 50 | 0.40 | |
23 | Петропавловка-2 | 500 | 50 | 0.03 | |
Мәртөк ауданы | |||||
1 | Зеленый Гай | 500 | 50 | 0.22 | 135,1-142,0 |
2 | Волковская | 500 | 50 | 0.009 | |
3 | Казанка-1 | 500 | 50 | 0.04 | |
4 | Казанка-2 | 500 | 50 | 0.04 | |
5 | Байтура | 500 | 50 | 0.015 | |
6 | Жамбыл | 500 | 50 | 0.002 | |
7 | Каратау-1 | 500 | 50 | 0.80 | |
8 | Каратау-2 | 500 | 50 | 0.17 | |
9 | Новая | 500 | 50 | 0.13 | |
10 | Взрыв | 500 | 50 | 0.02 | |
11 | Покровская | 500 | 50 | 0.06 | |
12 | Обдан | 500 | 50 | 0.03 | |
13 | Новомихайловская | 500 | 50 | 0.20 | |
14 | Джусинская | 500 | 50 | 0.05 | |
15 | Карасу | 500 | 50 | 0.16 | |
16 | Красная | 500 | 50 | 0.009 | |
17 | Қарашай | 500 | 50 | 0.18 | |
18 | Мәртөк | 500 | 50 | 0.12 | |
Қобда ауданы | |||||
1 | Калиновка-2 | 500 | 50 | 0.10 | 135,1-142,0 |
2 | Веселый-2 | 500 | 50 | 0.005 | |
3 | Новомосковская | 500 | 50 | 0.075 | |
4 | Амирский | 500 | 50 | 0.007 | |
5 | Кузьмин | 500 | 50 | 0.25 | |
6 | Прокурор | 500 | 50 | 0.07 | 135,1-142,0 |
7 | Үлкен | 500 | 50 | 0.60 | |
Алға ауданы | |||||
1 | Шолак | 500 | 50 | 0.23 | 135,1-142,0 |
2 | Нариманов | 500 | 50 | 0.14 | |
3 | Көсем | 500 | 50 | 0.077 | |
4 | Үлкен Ақай | 500 | 50 | 0.28 | |
Темір ауданы | |||||
1 | Талдыбулак | 500 | 50 | 0.04 | 135,1-142,0 |
2 | Толганай | 500 | 50 | 0.015 | |
3 | Шевченко | 500 | 50 | 0.35 | |
4 | Жекесай | 500 | 50 | 0.20 | |
Байғанин ауданы | |||||
1 | Тұздысай | 500 | 50 | 0.14 | 135,1-142,0 |
2 | Ногайты | 500 | 50 | 0.011 | |
3 | Шатыбай | 500 | 50 | 0.02 | |
Әйтеке би ауданы | |||||
1 | Тереңсай | 500 | 50 | 0.50 | 135,1-142,0 |
2 | Ярослав | 500 | 50 | 0.14 | |
Ойыл ауданы | |||||
1 | Куб | 500 | 50 | 0.10 | 135,1-142,0 |
Хромтау ауданы | |||||
1 | Мағаджан | 500 | 50 | 2.8 | 135,1-142,0 |
2 | Құдықсай лиманды суару жүйесі | 500 | 50 | ||
Ырғыз ауданы | |||||
1 | Ақши лиманды суару жүйесі | 500 | 50 | 91.44 | 135,1-142,0 |
Ақтөбе қаласы | |||||
1 | Беляевская | 500 | 50 | 0.02 | 135,1-142,0 |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 141 қаулысына 2-қосымша |
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 18.10.2024 № 294 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға.
Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.