Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 05.07.2023 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 03.04.2019 № 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қоса беріліп отырған Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидалары бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Т. Төленбергеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 181 қаулысымен бекітілген |
Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 03.04.2019 № 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11540 болып тіркелген бұйрығына сәйкес әзірленген және теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын (бұдан әрі – шығыстар) субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы – "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамсы" мемлекеттік мекемесі, теміржол көлігі саласында басшылық ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады;
2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін заңды тұлға.
2. Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау тәртібі
3. Конкурс нәтижесі бойынша айқындалған теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстары Ақтөбе облысының бюджеті есебінен субсидиялауға жатады.
4. Тасымалдаушылардың теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі шығыстары тиісті жылға арналған облыстық бюджетте көзделген сомалар шегінде субсидияланады.
5. Шығыстарды жыл сайынғы субсидиялаудың жалпы сомасы Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 154 қаулысымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5907 болып тіркелген, Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген тиісті бюджетте қарастырылады.
6. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен субсидиялар мөлшерлерінің есебі облыстық бюджеттің шығыс бөлігіне енгізу үшін есептеуді әр жолаушы пойызы бойынша тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, Әдістемеге сәйкес жүргізіледі.
7. Субсидиялауға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген, Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау Қағидаларына сәйкес тасымалдаушының жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр пойыздарының вагондары санаттарымен теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты, сондай-ақ тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет аясында жолаушылар пойыздарының қатынауын (пайдаланылуын) қамтамасыз ету үшін технологиялық қажетті вагондармен тасымалдаудың нақты шығындары жатады.
8. Субсидиялауға тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шегінде келесі шығыстардың түрлері:
1) магистральды теміржол желілеріне қызмет көрсету шығыстары, оның ішінде басқа тасымалдаушылардың пойыздарының құрамындағы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүріс шығыстары;
2) локомотивпен тарту қызметіне шығыстар, оның ішінде локомотивтік бригада еңбек төлемі қорын, пойыздарды тартуға жанармай және электроэнергияны қоса алғанда тарту жылжымалы құрамын пайдалануға байланысты шығыстар;
3) теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды күтіп-ұстауға, олардың вагон бойынша жөндеудің жоспарлы түрлерін, ағымдағы техникалық жөндеу және техникалық қызмет көрсету, амортизациялық бөлектеуді қоса алғандағы шығыстары;
4) теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды жалдау шығыстары;
5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14002 болып тіркелген, Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау Қағидаларына сәйкес оларды субсидиялау жағдайларын қоспағанда, қарыздар бойынша қаржылық шығыстарды қоса алғанда, теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалы кезінде тартылған вагондарды сатып алуға арналған шығыстар жатады.
9. Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдаудың маусымдылығына, пойыздардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне және жолаушылар ағынына байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде шартқа қосымша келісім жасау арқылы субсидияланатын вагондардың жүріс көлемдеріне сәйкес субсидиялар көлемдерін қайта қарауға жол беріледі.
Жыл сайын субсидиялауға жататын шығыстар көлемі жасалған шарт бойынша бір вагон-километрге субсидиялау көлемін үйлесімді айқындау және теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау шартына (бұдан әрі – шарт) сәйкес вагондардың, тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүрісінің өзгеруі есебімен, вагон-километр көлеміне көбейту жолымен есептеледі.
3. Субсидия төлеу шарттары
10. Теміржол қатынастары бойынша субсидияларды төлеу облыстық бюджеттен қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
11. Субсидияның жалпы сомасын төлеу әр пойыз бойынша тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, жүзеге асырылады.
12. Субсидияларды төлеу жасалған шартқа сәйкес нақты жүзеге асырылған және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген есептік құжаттамамен расталған тасымалдаулар бойынша ай сайын жүргізіледі.
13. Тасымалдаушы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға басшымен, бас бухгалтермен және ұйымның мөрімен куәландырылған келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда мазмұндалған көрсеткіштер есебін түсіндіретін жазбаны қоса отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы ай сайынғы есеп, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жыл басынан бастап өсу қарқынымен теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы есеп.
Бұл ретте, субсидияланатын шығыстарды анықтау осы тармақшада көрсетілген есептерде ұсынылған тасымалдаушының субсидияланатын шығыстар баптарына іспеттес тасымалдаушының жалпы шығыстарына және вагон жүрісінің жалпы көлеміне үйлесімді жүзеге асырылады;
2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісі;
3) теміржол қатынастары бойынша орындалған тасымалдар көлемдерін растайтын және тасымалданған жолаушылар, түрлері бойынша вагондар, жолаушылар айналымы, вагон айналымы, пойыздардағы вагондардың адамдармен толығуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымаудаушының құжаты;
4) тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тарту операторы арасындағы есептілік кезеңінде әр айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;
5) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушы шығыстарының тізілімі;
6) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес субсидияланатын бағыттардың тізілімі;
7) теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды, олардың жоспарланған жөндеу жұмыстарының түрлері мен техникалық қызмет көрсетуді қоса, жалдау, сатып алу және күтіп-ұстау шығыстарын растайтын құжаттар.
14. Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды, олардың жоспарланған жөндеу жұмыстарының түрлері мен техникалық қызмет көрсетуді қоса, жалдау, сатып алу және күтіп-ұстау шығыстарын растайтын құжаттарға мыналар жатады:
1) тасымалдаушы мен жөндеу (күрделі жөндеу жұмыстары, деполық жөндеу, тиімді пайдалану мерзімін ұзартумен күрделі жөндеу және күрделі қалпына келтіру бойынша жөндеу) және жасалған шартта көрсетілген 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 көлемдерде техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ вагондарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар арасында есепті кезеңде әр айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актілері;
2) тасымалдаушы мен шартта көрсетілген вагондарды жалға алу жөніндегі қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасында өзара есеп айырысуларды (есепті кезеңде әр айдың біріндегі жағдай бойынша) салыстыру актісі;
3) вагондарды жалдау, сатып алу және күтіп-ұстау шығыстары бойынша шот-фактуралар, есептелген амортизация және оны есептілік кезеңіндегі шығыстарға жатқызу тізімдемесі, электрэнергия мен дизель отынына шығыстар бойынша орындалған жұмыстардың шот-фактуралары мен актілері;
4) вагондарды сатып алынған ұйымнан төлем шоттарын (субсидияланған сомасын тасымалдаушының есебіне аударылғаннан кейін) 7 (жеті) банкі күн ішінде ұсыныла отырып, вагондарды сатып алу жөніндегі төлем тапсырмасының түпнұсқасы;
5) вагондарды сатып алу туралы несие шарттары мен қаржылық лизинг шарттарының ай сайынғы төлем кестесі мен олардың қосымша келісімдерімен қоса нотариалды куәландырылған көшірмелері.
15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тасымалдаушылар ұсынған күнінен бастап, 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жергілікті атқарушы органымен орындалған жұмыстар актілеріне қол қойылады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстар тізілімі мен төлем шоттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына ұсынылады.
Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидаларына 1-қосымша |
Әкімшілік деректерін жинақтауға арналған нысан
Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы ай сайынғы есеп
Есептік кезең: 20___ж. ______________
Индекс: 1-ЖТ
Нысан кімге ұсынылады: жергілікті атқарушы органға
Кезеңділігі: ай сайын
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1114 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалған теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын субъектілер.
Нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде.
Темір жол қатынасының атауы | Пойыздың № | Маршруттың арашықтығы, километр | Пойыздың қатынау кезеңділігі | Вагон түрі | Вагондардың азаймай тын жүрісі, мың вагон/километр | Вагондардың жүрісі, мың вагон/ километр | Жолаушылар айналымы, мың жолаушы /километр |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Тасымалданған жолаушылар, мың адам | Вагондардың толығуы, адам/вагон | Тасымалдау бойынша шығыстар, мың теңге | Шығыстардың барлығы, мыңтеңге | ||||
МТЖ* қызметі | локомотивпен тарту қызметіне | вагондарды жалдауға | вагондарды күтіп-ұстауға | өзгеде шығындар | |||
9 | 10 | 11 | 12 |
*МТЖ – магистральды теміржол желісі
Басшы
Бас бухгалтер
Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
* Нысандарын толтыру жөніндегі түсіндірмелері осы нысанның қосымшасында көрсетілген.
"Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы ай сайынғы есеп" әкімшілік деректердің нысанын толтыруға арналған қосымша |
"Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы ай сайынғы есеп" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмелері
1. Осы түсіндірмелер (бұдан әрі – Түсіндірмелері) әкімшілік деректерді жинақтауға арналған "Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы ай сайынғы есеп" нысанын (бұдан әрі-Нысан) толтыру жөнінде бірыңғай талаптарын айқындайды.
2. Нысан ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1114 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес айқындалған субъектілермен ұсынылады.
3. Нысанға басшы және бас бухгалтермен қол қойылады, мөр басылады (бар болған жағдайда).
4. Нысан мынадай әдіспен толтырылады:
1-бағанда теміржол қатынасының атауы көрсетіледі;
2-бағанда пойыздың нөмірі көрсетіледі;
3-бағанда маршруттың жөнелтілу станциясынан межелі станцияға дейін пойыз өтетін ара қашықтығы көрсетіледі, километр;
4-бағанда пойыздың аптасына жүріп тұратын күндер саны көрсетіледі;
5-бағанда вагонның түрі: жалпы, плацкарт, купе көрсетіледі:
6-бағанда есепті кезеңде тасымалдаушы қамтамасыз етуге міндетті вагондардың санын жөнелтілу станциясынан межелі станцияға дейін және кері қарай тасымалдау ара қашықтығына (километр мөлшерімен) көбейту ретінде есептелетін көрсеткіш, мың вагон-километр;
7-бағанда вагондардың санын жөнелтілу станциясынан межелі станцияға дейін және кері қарай тасымалдау ара қашықтығына (километр мөлшерімен) көбейту ретінде есептелетін көрсеткіш, мың вагон-километр;
8-бағанда вагондардағы жолаушылар санын тасымалдау ара қашықтығына көбейту ретінде есептелетін жолаушылар айналымның көлемін көрсететін көрсеткіш, мың жолаушы-километр;
9-бағанда тасымалданған жолаушылар саны көрсетіледі, мың адам;
10-бағанда тасымалданған халық санын вагондардың санына көбейту ретінде есептелетін халық санын көрсететін көрсеткіш, адам-вагон;
11-бағанда төменде көрсетілген тасымалдау шығындарының көлемі көрсетіледі, мың теңге:
-МТЖ (магистралдық теміржол желілері) қызметінің шығындары;
-локомотивпен тарту қызметінің шығындары;
-вагондарды жалдау шығындары;
-вагондарды күтіп-ұстау шығындары;
-өзгеде шығындар.
12-бағанда барлық шығындардың, соның ішінде: МТЖ қызметі; локомотивпен тарту қызметі; вагондарды жалдау; вагондарды күтіп-ұстау шығындары; өзгеде шығындар қосынды сан ретінде есептелетін шығындардың жиынтық көлемі көрсетіледі, мың теңге.
Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидаларына 2-қосымша |
Әкімшілік деректерін жинақтауға арналған нысан
Жыл басынан бастап өсу қарқынымен теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы есеп
Есептік кезең: 20___ж. ____________
Индекс: 2-ЖТ
Нысан кімге ұсынылады: жергілікті атқарушы органға.
Кезеңділігі: ай сайын.
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1114 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалған теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын субъектілер.
Нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде.
Темір жол қатынасының атауы | Пойыздың № | Маршруттың арашықтығы, километр | Пойыздың қатынау кезеңділігі | Вагон түрі | Вагондардың азаймайтын жүрісі, мың вагон/ километр | Вагондардың жүрісі, вагон/ километр | Жолаушылар айналымы, мың жолаушы/километр | Тасымалданған жолаушылар, мың адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Вагондардың толығуы, адам/вагон | Тасымалдау бойынша шығыстар, мың теңге | Жалпы шығыстар, мыңтеңге | Шығыстарды субсидиялау көлемі, мың теңге | |||||
МТЖ* қызметі | локомотивпен тарту қызметі | вагондарды жалдауға | вагондарды күтіп-ұстау шығыстары | өзгеде шығындар | жыл басынан төленген субсидия | субсидиялауға жатады | ||
10 | 11 | 12 | 13 |
*МТЖ – магистральды теміржол желісі
Басшы
Бас бухгалтер
Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
* Нысандарын толтыру жөніндегі түсіндірмелері осы нысанның қосымшасында көрсетілген.
"Жыл басынан бастап өсу қарқынымен теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы есеп" әкімшілік деректердің нысанын толтыруға арналған қосымша. |
"Жыл басынан бастап өсу қарқынымен теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы есеп" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмелері
1. Осы түсіндірмелер (бұдан әрі – Түсіндірмелері) әкімшілік деректерді жинақтауға арналған "Жыл басынан бастап өсу қарқынымен теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы есеп" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөнінде бірыңғай талаптарын айқындайды.
2. Нысан ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1114 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес айқындалған субъектілермен ұсынылады.
3. Нысанға басшы және бас бухгалтермен қол қойылады, мөр басылады (бар болған жағдайда).
4. Нысан мынадай әдіспен толтырылады:
1-бағанда теміржол қатынастың атауы көрсетіледі;
2-бағанда пойыздың нөмірі көрсетіледі;
3-бағанда маршруттың жөнелтілу станциясынан межелі станцияға дейін пойыз өтетін ара қашықтығы көрсетіледі, километр;
4-бағанда пойыздың аптасында жүріп тұратын күндері көрсетіледі;
5-бағанда вагонның түрі: жалпы, купе, плацкарт көрсетіледі:
6-бағанда есепті кезеңде тасымалдаушы қамтамасыз етуге міндетті вагондар санының жөнелтілу станциясынан межелі станцияға дейін және кері қарай тасымалдау ара қашықтығына (километр мөлшерімен) көбейту ретінде есептелетін көрсеткіш, мың вагон-километр;
7-бағанда жыл басынан бастап өсу қарқынымен жөнелтілу станциясынан межелі станцияға дейін және кері қарай, есепті айын қоса алғанда, вагондар санын тасымалдау ара қашықтығына (километр мөлшерімен) көбейту ретінде есептелетін көрсеткіш, вагон-километр;
8-бағанда жыл басынан бастап өсу қарқынымен вагондардағы жолаушылар санын тасымалдау қашықтығына көбейту ретінде есептелетін, есепті айын қоса алғанда, тасымалданған жолаушылар көлемін көрсететін көрсеткіш, мың жолаушы-километр;
9-бағанда жыл басынан бастап өсу қарқынымен тасымалданған, есепті айын қоса алғанда, тасымалданған жолаушылардың көлемі көрсетіледі, мың адам;
10-бағанда тасымалданған халық санын вагондардың санына көбейту ретінде есептелетін халық санын көрсететін көрсеткіш, адам-вагон;
11-бағанда жыл басынан бастап өсу қарқынымен төменде көрсетілген шығындарының көлемі, есепті айын қоса алғанда, көрсетіледі, мың теңге:
-МТЖ (магистралдық теміржол) қызметінің шығындары;
-локомотивпен тарту қызметінің шығындары;
-вагондарды жалдау шығындары;
-вагондарды күтіп-ұстау шығындары;
-өзгеде шығындар.
12-бағанда жыл басынан бастап өсу қарқынымен барлық шығындар, соның ішінде: МТЖ қызметінің шығындары; локомотивпен тарту қызметінің шығындары; вагондарды жалдау шығындары; вагондарды күтіп-ұстау шығындары; өзгеде шығындар қосынды сан ретінде есептелетін шығындардың жиынтық көлемі, есепті айын қоса алғанда, көрсетіледі, мың теңге.
13-бағанда тасымалдаушыға төленген субсидиялардың көлемі көрсетіледі, мың теңге;
-тасымалдаушыға жыл басынан бастап өсу қарқынымен төленген субсидиялардың көлемі;
-есепті айда төленуге жататын субсидиялардың көлемі.
Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау Қағидаларына 3-қосымша | |
Нысан |
Орындалған жұмыстар актісі
20____ жыл "____"________
Біз, төменде қол қойып отырғандар ______________________________________
(акт қабылдауға жауапты басшының қолы,тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
бір тараптан және____________________________________
(басшының, бас бухгалтердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
екінші тараптан 20___ жылы _________ орындалған жұмыстар туралы осы актіні жасадық.
Пойыз № | Қатынау күндерінің саны | Вагонның типі |
Вагон айналымы, мың вагон/ |
Азамайтын вагон айналымы, мың вагон/ | субсидиялау сомасы (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Купе | |||||
Плацкарт | |||||
Жалпы | |||||
Қызмет-техникалық | |||||
Электрпоезд | |||||
Дизельпоезд | |||||
БАРЛЫҒЫ |
20 ___ жылғы _______________ субсидиялау сомасы
___________________________________________________ теңге құрайды
(сомасы санмен және сөзбен)
Тараптардың заңды мекенжайы: | |
Уәкілетті орган: | Тасымалдаушы: |
Бизнес сәйкестендіру нөмірі | Бизнес сәйкестендіру нөмірі |
Банк реквизиттері |
Банк реквизиттері |
__________________________________ |
______________________________ |
Мөрдің орны (бар болған жағдайда) | Мөрдің орны (бар болған жағдайда) |
Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау Қағидаларына 4-қосымша | |
Нысан |
Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстар тізілімі __________ айы _________ жылы
(тасымалдаушының атауы)
Кезең | Шығыстардың атауы | Шығыстар құжаты | Шығыстар құжатының сомасы, мың теңге | Вагондардың жалпы жүрісі, мың вагон/ километр | Субсидия-ланатын вагондар жүрісі, мың вагон/километр | Субсидия-ланатын вагондар бойынша шығындар сомасы, мың теңге |
Басшы____________________________ |
Бас бухгалтер__________________________ |
Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау Қағидаларына 5-қосымша | |
Нысан |
Субсидияланатын маршруттардың тізілімі
"____"______________20____ жыл
№ п/п | Пойыздың № | Жөнелту стансасы | Жету стансасы | Субсидиялау сомасы (мың тенге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Субсидиялау сомасының барлығы: ______________________________теңге
(сомасы санмен және сөзбен)
Осы тізілімге мыналар қоса беріледі:
1. _______________________________
2. _______________________________
3. _______________________________
Уәкілетті орган: |
Тасымалдаушы: |
______________________________ |
_____________________________ |
Мөрдің орны (бар болған жағдайда) | Мөрдің орны (бар болған жағдайда) |