Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялануға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурс өткізу Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 182 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 мамырда № 5919 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 05.07.2023 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялануға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурс өткізу Қағидалары бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С. Т. Төленбергеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 18 сәуірдегі
№ 182 қаулысымен бекітілген

Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялауға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша конкурс өткізу Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялауға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша конкурс өткізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 "Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9860 болып тіркелген бұйрығына сәйкес әзірленген және Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялауға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) конкурстық өтінім – Конкурсты ұйымдастырушыға конкурсқа қатысушы ұсынған, Конкурсты ұйымдастырушының және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын қоса отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген өтінім;

      2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін заңды тұлға;

      3) Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, барлық магистралды теміржол желілерінде пойыздарды қалыптастырудың жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын заңды тұлға;

      4) Конкурсты ұйымдастырушы – Ақтөбе облысының бюджетінен қаржыландырылатын, теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға Ақтөбе облысының әкімдігімен уәкілеттік берілген атқарушы орган.

2. Конкурсты өткізу, конкурстық құжаттаманы әзірлеу, бекіту және комиссияны құру тәртібі

      3. Конкурс шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға және тасымалдаушымен теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыру құқығына өткізіледі.

      4. Конкурсты өткізу туралы шешім Конкурсты ұйымдастырушымен осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманы бекіту жолымен қабылданады.

      5. Конкурсты өткізу туралы шешімді қабылдағаннан кейін Конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсы арқылы тиісті конкурс өткізу туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) беріледі. Хабарландыру конкурс өткізілетін күнге дейін кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн, егер конкурс қайта өткізілген жағдайда 7 (жеті) күнтізбелік күн бұрын беріледі. Конкурс субсидиялау туралы жасалған шарттардың мерзімі аяқталуына дейін кемінде 60 (алпыс) күнтізбелік күн бұрын өткізіледі.

      6. Конкурс өткізу туралы хабарланғаннан кейін конкурсқа қатысуға ниет білдірген тасымалдаушылар осы Қағидаларға сәйкес Конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді ұсынады.

      7. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау өтінімдерді тіркеу журналына (тігілген, нөмірленген, комиссия хатшысымын қол қойылған және мөрмен бекітілген) енгізу жолымен комиссия хатшысымен жүзеге асырылады және конкурстық өтінімдерді ашу күніне дейін күнтізбелік бір күн бұрын аяқталады.

      8. Конкурстық құжаттама Конкурс ұйымдастырушысымен әзірленеді және бекітіледі және мыналарды:

      1) хабарландыруды;

      2) лоттар бөлігінде теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың негізгі шарттарын (бұдан әрі – жолаушыларды тасымалдаудың негізгі шарттары);

      3) теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын дамытудың негізгі шарттарын (бұдан әрі – тасымалын дамытудың негізгі шарттары);

      4) жылдар және лоттар бөлігінде теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялаудың жоспарланған көлемі және теміржол қатынасы бойынша жолаушылар тасымалы қызметіне бағаларды (тарифтердің) жоғарылатудың шекті деңгейін (бұдан әрі – субсидиялаудың жоспарланған деңгейі және бағаларды жоғарылатудың шекті деңгейі);

      5) жылдар және лоттар бөлігінде тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды есепке алғанда, теміржол қатынастары бойынша жолаушылар айналымының жоспарланған көлемін (бұдан әрі - жолаушылар айналымының жоспарланған көлемі) қамтиды.

      9. Конкурсқа шығарылатын лоттар теміржол қатынастары бойынша қатынауға жоспарланған пойыздар бойынша құрылады. Тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондар бойынша лоттар теміржол қатынастары бойынша жол жүру кезінде оларды тіркеу бірінші жоспарланған құрамға пойызбен бір лотта құралады.

      10. Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мерзімі халықтың осындай тасымалдауға қажеттілігіне байланысты бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімде Конкурсты ұйымдастырушымен анықталады.

      11. Конкурстық құжаттама Конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысымен не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітіледі.

      12. Конкурсты өткізуді қамтамасыз ету, қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарастыру және жеңімпазды анықтау үшін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады. Комиссия құрамы Конкурс ұйымдастырушының бірінші басшысымен не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссиямен шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.

      13. Конкурсты ұйымдастырушыға өтеусіз негізде жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтер ұсыну бойынша жұмыс тәжірибесі бар өзге де мамандарды сарапшылар ретінде жұмыс істеу үшін тартуға рұқсат етіледі. Сарапшы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссиямен шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.

      14. Сарапшылар қатысушылардың конкурстық өтінімдерінің конкурстық құжаттама талаптарына, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуіне сараптамалық қорытынды береді. Сарапшылардың қорытындысы ұсынылған конкурстық өтінімдерді салыстыру және бағалау, жеңімпаздарды анықтау кезінде ескеріледі. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, сарапшылармен қол қойылады және комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

3. Тасымалдаушыларға және ұсынылған құжаттарға қойылатын талаптар

      15. Конкурсқа қатысу үшін Конкурсты ұйымдастырушының атына мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) конкурсқа қатысуға өтінім;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес алынған жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы анықтаманың немесе нотариалдық куәландырған куәліктің көшірмесі;

      3) нысан бойынша конкурсқа мәлімделген лоттар бойынша меншіктегі және (немесе) сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздемелермен пайдаланатын теміржол жолаушылар вагондар паркісімен қамтамасыз ету жөнінде тасымалдаушының ұсыныстары;

      4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу Қағидаларының 7-қосымшаға сәйкес жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан алынғандары;

      Бұл ретте, түрлерi (жалпы, плацкарт, купе) бойынша көрсетiлген жолаушылар вагондарының саны талап етiлетiн вагондар санынан кемiнде 30 %, ал электр-дизель пойыздарда – 100 % құруы тиiс;

      5) кемінде қызмет көрсетудің бірінші жылының соңына дейінгі мерзімде ұсынылған конкурсқа мәлімделген, тасымалдаушының меншік немесе жолаушылар теміржол жылжымалы құрамын жалға алу құқығын растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

      6) конкурсқа мәлімделген теміржол жолаушылар вагондарына техникалық төлқұжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер және/немесе шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімдерді Конкурсты ұйымдастырушының қабылдау күнінің алдындағы бір айдан астам мерзімге Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) жеке шоттарын жүргізу Қағидаларының 17-қосымшасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер;

      8) лоттар бөлігіндегі жолаушылар тасымалдаудың негізгі шарттарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;

      9) дамытудың негізгі шарттарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;

      10) жоспарланған субсидиялаудың көлемін және бағаның жоғарылауының шекті деңгейін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;

      11) жолаушылар айналымының жоспарланған көлемін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;

      12) тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды есепке ала отырып, теміржол маршруттарға бұрын қызмет көрсеткен жеке білікті пойызд бригадаларының қызметкерлері штатының болуы туралы мәліметтер. Бұрын басқа тасымалдаушылар қызмет көрсеткен маршруттарға өтініш берген кезде нормативтік саны шектерінде тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын теміржол бойынша маршруттарға қызмет көрсеткен тасымалдаушының пойыз бригадалары қызметкерлерінің білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілді хат - міндеттеме.

      13) тасымалдаушыда конкурс өткізілген бұдан бұрынғы айдың соңғы 12 (он екі) ай ішінде ағымдағы айдың бірінші күніне берілген тасымалдаушының және бірінші басшының мөрлерімен бекітілген, қолдарымен расталған Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және үй-жайларды жалдау бойынша қызметтер және вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсететін теміржол ұйымдарының берешегі бойынша өзара есеп айырылысуларды салыстыру актісі. Берешек болған жағдайда, бірінші басшылар қол қойған, мөрлермен бекітілген берешекті кепілді өтеу кестесін қамтитын екі жақты келісім немесе төлем жасау туралы банк белгі қойған берешектің өтелуін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқалары;

      14) тасымалдаушыда банктен (терден) мәлімделген лот бойынша қызмет көрсетудің бірінші жылында қарастырылған субсидия көлемінен конкурс өткізетін айдың алдындағы соңғы үш айға мәлімделген қатынаста көзделген жылдық субсидиялардың көлемінен кемінде 5% құрайтын меншікті ақшалай қаражаты айналымының анықтама (лар);

      15) конкурсқа қатысу үшін өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжат.

      16. Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде екі данада (түпнұсқа және көшірмесі) ұсынылады, тігілген, беттері нөмірленген болуы тиіс, соңғы бетінің айналым жағы заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мөрімен (болған жағдайда) куәландырылады. Тасымалдаушы конкурстық өтінімді құжаттар топтамасымен тасымалдаушының атауы мен мекенжайы көрсетілетін конвертке салып желімдейді. Конвертте "ТҮПНҰСҚА" және "КӨШІРМЕ" белгісі қойылады. Осыдан кейін екі конверт бір сыртқы конвертке салынып желімделеді. Бұл ретте, банктік кепілдеме түпнұсқасы, егер ол конкурсқа қатысуға берілген өтінімді қамтамасыз ету үшін берілген болса, тігілмейді және конвертте конкурсқа қатысуға талап етілетін құжаттармен бірге бөлек беріледі.

      17. Конкурстық өтінім ешқандай өшірулерсіз және түзетулерсіз, басқа да жазуларсыз ұсынылады.

      18. Конверттер Конкурсты ұйымдастырушыға: "Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялауға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша конкурсқа арналған конкурстық өтінім" деген белгісімен жолданылады.

      19. Тасымалдаушы конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерту өтінімнің өзі сияқты дайындалады, салынады және ұсынылады. Мұндай өзгерту немесе қайтып алу туралы хабарлама, егер ол Конкурсты ұйымдастырушымен конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімдері өткенге дейін алынса, жарамды болып табылады. Өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткеннен кейін өтінімдерге ешқандай өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      20. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді тасымалдаушы конкурс жеңімпазы болып жарияланған жағдайда, ол конкурстық құжаттамада көзделген субсидиялау туралы шартты жасауға кепіл ретінде енгізеді.

      21. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мәлімделген лот бойынша бірінші қызмет ету жылына қарастырылған субсидия сомасынан 3% мөлшерінде енгізіледі.

      22. Тасымалдаушы конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің келесі түрлерінің біреуін таңдайды:

      1) Конкурсты ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілдік ақша жарнасы;

      2) қағаз түріндегі банктік кепілдеме.

      23. Конкурсты ұйымдастырушы тасымалдаушыға оның ресми сұрау салуы бойынша конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді келесі жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде қайтарады:

      1) конкурсқа қатысуға беретін өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін тасымалдаушының конкурстық өтінімді кері қайтарып алу;

      2) субсидиялау туралы шартқа қол қою;

      3) осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес тасымалдаушының конкурстық өтінімін қайтару;

      4) тасымалдаушының конкурсқа қатысуға берген конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімінің аяқталуы.

4. Конкурстық ұсыныстарға баға беру және жеңiмпаз(дар)ды анықтау

      24. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді қатысушылар немесе олардың комиссияның отырысына қатысуға құқық беретін сенімхатпен расталған уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.

      25. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде комиссия хатшысы қатысушы тұлғаларға конкурсқа қатысатын тасымалдаушылардың атауы мен орналасқан жерін, әр өкілі бойынша конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды.

      26. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия конверттерді ашу хаттамасын жасайды және хаттамаға конверттерді ашу рәсіміне қатысқандар, комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы қол қояды.

      27. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей тасымалдаушыларға не олардың уәкілетті өкілдеріне өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін ұсынады, сондай-ақ өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының қол қойылған мәтінін интернет-ресурстарында жариялайды.

      28. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде болмаған тасымалдаушыларға олардың жазбаша сұрауы салуы бойынша немесе олардың уәкілетті өкілдерінің жазбаша сұрауы салуы бойынша Конкурсты ұйымдастырушының осындай сұрау салуды алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі ұсынылады.

      29. Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде және конкурстық өтінімдерде көрсетілген мәліметтерді нақтылау мақсатында, комиссия жазбаша түрде тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат сұратады. Егер көрсетілген ақпарат комиссияның шешім қабылдауы үшін негіз болып саналған жағдайларда конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қоса беріледі.

      30. Осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес комиссия конкурстық өтінімдердің бағалау шкаласына сәйкес теміржол жолаушыларын тасымалдауын жүзеге асыру бойынша конкурстық өтінімдерді бағалау парағында (бұдан әрі-бағалау парағы) конкурсқа қойылған лоттар бойынша баллдарды қояды. Әрбір лот бойынша бағалау парағы конкурстың нәтижесі туралы хаттамаға қоса беріледі.

      31. Қарастырудан, конкурстық өтінімдерді бағалаудан кейін, комиссия хатшысы тасымалдаушылар бойынша конкурстық өтінімдерді бағалау парағында лоттар бөлігінде жалпы балды жинақтайды және конкурстың қорытындысы туралы хаттамада көрсетілетін ортақ сомалық балды анықтайды.

      32. Комиссия конкурсқа қатысу үшін қарастыруға қабылданған конкурстық өтінімдердің бағалау парағына сәйкес сомалық балды бағалайды және салыстырады және әрбір лот бойынша конкурста жеңген тасымалдаушыны (тасымалдаушыларды) анықтайды.

      33. Комиссия, егер:

      1) тасымалдаушы, осы Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес келмесе не болмаса талапқа сай ресімделмесе немесе құжаттар топтамасын толық емес ұсынса;

      2) тасымалдаушының ұсынған теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдаына арналған бағаның (тарифтің) жоғарылауының шекті деңгейі конкурстық құжаттамада көрсетілген деңгейден асып түссе;

      3) тасымалдаушының ұсынған субсидиялаудың жоспарланған көлемі конкурстық құжатта көрсетілген деңгейден асып түссе;

      4) тасымалдаушы ұсыныстары жолаушыларды тасымалдаудың негізгі шартын қамтамасыз етпесе;

      5) тасымалдаушының ұсынысы жолаушылар тасымалын дамытудың негізгі талаптарын қамтамасыз етпесе;

      6) тасымалдаушының ұсынысы жоспарланған жолаушылар айналымының көлемін қамтамасыз етпесе;

      7) тасымалдаушының ұсынған конкурстық өтінімде жалған мәліметтерді беру фактісі анықталса, конкурстық өтінімді қайтарады.

      34. Егер конкурсқа қойылатын бір лот бойынша конкурстың шарттарына жауап беретін және осы Қағидаларға сәйкес конкурсқа қатысу құжаттарын конкурсқа тапсырған кемінде екі тасымалдаушы өтінім берген болса, конкурс өткізілді деп танылады.

      35. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Дауыс беру рәсіміне комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде комиссияның шешімі заңды деп танылады.

      36. Конкурс қорытындысын шығарған кезде комиссияның кез келген мүшесінің және хатшысының болмауына дәлелді себептер болған кезде осы фактіні растайтын құжатты ұсыну арқылы жол беріледі.

      37. Комиссия конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдей отырып, конверттер ашылған күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурстың қорытындыларын шығарады, оған комиссияның мүшелері мен комиссия хатшысы қолдарын қояды. Комиссияның әрбір мүшесі конкурстың қорытындысы туралы хаттамаға қоса тіркелетін өзінің ұстанымын жазбаша жаза алады.

      38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсқа қатысушыларға конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін жібереді, сондай-ақ, конкурстың қорытындылары туралы қол қойылған хаттама мәтінін интернет-ресурста жариялайды.

      39. Бағалық шәкілге сәйкес жоғарырақ баллдар санын жинаған және:

      1) жолаушыларды тасымалдаудың негізгі шарттарын;

      2) дамудың негізгі шарттарын;

      3) субсидиялаудың жоспарланған көлемін;

      4) жолаушылар айналымының жоспарланған көлемін қамтамасыз еткен тасымалдаушы жеңімпаз болып танылады.

      40. Екі немесе одан да көп қатысушы бірдей сомалық балл жинаса, тасымалдаушыға келесі негіздер бойынша басымдылық беріледі:

      1) вагондардың көп бөлігі тасымалдаушының меншігіне жатады;

      2) теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушының вагондары вагондарды пайдаланудың ең аз мерзіміне ие;

      3) бағаның (тарифтің) шекті деңгейі шегінде теміржол жолаушылары тасымалы жүзеге асырылуына сәйкес қызмет көрсетудің алғашқы үш жылында жүріп тұруға бағаның жоғарылауының ең аз орташа деңгейін ұсынған тасымалдаушы;

      4) тасымалдаушыда әр құрамға арнаған кресло-арбалармен қозғалатын мүгедектерге мамандандырылған орындармен және отырғызып-түсіру үшін көтеретін құрылғылармен жабдықталған вагондары бар;

      5) тасымалдаушыда Қазақстан Республикасы аумағында теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тәжірибесі неғұрлым көп.

      41. Комиссия конкурстың қорытындыларын шығару кезінде конкурс жеңімпазынан басқа әрбір лот бойынша конкурстың жеңімпазынан кейін бағалау шәкіліне сәйкес балдардың неғұрлым жоғары санын жинаған әлеуетті қатысушыны анықтайды.

      42. Конкурстық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде конкурстың жеңімпазы мен Конкурсты ұйымдастырушы арасында субсидиялау туралы шарт жасасылады.

      43. Конкурс жеңімпазының конкурстық ұсыныстары онымен субсидиялау туралы жасасылатын шарттың ажырағысыз бөлімі болып табылады.

      44. Жеңімпаз субсиядиялау туралы шарт жасасудан бас тартқан кезде, Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазынан кейін бағалау шкаласына сәйкес балдардың неғұрлым көп санын алған тасымалдаушымен субсиядиялау туралы шарт жасасады. Бұл ретте Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасын субсиядиялау туралы шарт жасасудан бас тартқан тасымалдаушыға қайтармайды. Конкурс жеңімпазынан кейін бағалау шкаласына сәйкес балдардың неғұрлым көп санын алған тасымалдаушы субсидиялау туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, конкурс өтпеді деп танылады.

      45. Егер конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, комиссия конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға бір ғана тасымалдаушы жіберілуі себепті екінші қайтара конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, комиссия онымен субсиядиялау туралы шарт жасасу шешімін қабылдайды. Субсиядиялау туралы жасалған шарттың бағасы бөлінген субсидиялар сомасынан аспауы тиіс.

      Егер, конкурсқа қатысуға жіберілген тасымалдаушылардың болмауына байланысты екінші қайтара конкурс өтпеді деп танылған болса, онда субсиядиялау туралы шарт бұрын аталған маршрутта қызмет көрсеткен жұмыскерлерді (жолсеріктер және пойызд бастықтары) жұмысқа орналастыра отырып, тиісті кезеңге бюджеттен бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шектерінде Ұлттық жолаушыларды тасымалдаушымен жасасылады.

      46. Конкурстың жеңімпазымен субсидиялау туралы шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, тасымалдаушыны айқыңдағанға дейін субсиядиялау туралы шарт бұрын аталған маршрутта қызмет көрсеткен жұмыскерлерді (жолсеріктер және пойызд бастықтары) жұмысқа орналастыра отырып, тиісті кезеңге бюджеттен бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шектерінде Ұлттық жолаушыларды тасымалдаушымен жасалады.

  Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялануға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурс өткізу қағидаларына қосымша
  Нысан

Конкурстық өтінімдерді бағалау шкаласы

Р/с №

Көрсеткіш

Балдар саны

1

Меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде конкурсқа мәлімделген маршруттар бойынша пайдаланылатын теміржол жолаушы вагондарымен қамтамасыз ету жөніндегі тасымалдаушылардың ұсыныстарына сәйкес вагондарды пайдаланудың орташа мерзімі:

5 жылға дейін

25

5,1-ден 9 жылға дейін

20

9,1-ден 15 жылға дейін

15

15,1-ден 20 жылға дейін

10

20,1-ден және жоғары

5

2*

Конкурстық өтінімде көрсетілген және жолаушылар тасымалын жүзеге асырушының негізгі талаптарында көрсетілген жалпы вагондардың түрлері (купе, плацкарт, жалпы) бойынша тасымалдаушының теміржол жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін тасымалдаушының вагондарының үлесі:

Балдар саны

31-ден 40% дейін

2

41-ден 50% дейін

5

51-ден 60% дейін

8

61-дан 70% дейін

11

71-ден 80% дейін

14

81-ден 90% дейін

17

91-дан 100% дейін

20

3**

Жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың негізгі шарттарында көрсетілген вагондардың түрлері (купе, плацкарт, жалпы) бойынша 7% үлесінен асатын көлемдегі резервте вагондардың болуы:

5

4

Жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың негізгі шарттарында көрсетілген құрамы толық көлемде кресло-арбалармен қозғалатын мүгедек жандарға арнайы мамандандырылған орындарымен және отырғызып-түсіру үшін көтеретін құрылғылармен жабдықталған (тасымалдаушының әрбір құрамында) вагондардың үлесі:

Балдар саны

25% дейін

2,5

26-дан 50% дейін

5

51-ден 75% дейін

7,5

76-дан 100% дейін

10

5

Жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың негізгі шарттарында көрсетілген вагондардың жалпы көлеміндегі тасымалдалаушының жеке меншігіндегі вагондар үлесі:

Балдар саны

10% дейін

1

11-ден 20% дейін

2

21-ден 30% дейін

3

31-ден 40% дейін

4

41-ден 50% дейін

5

51-ден 60% дейін

6

60-тан 70% дейін

7

71-ден 80% дейін

8

81-ден 90% дейін

9

91-ден 100% дейін

10

6

Қазақстан Республикасы шекарасында теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыру бойынша тасымалдаушының жұмыс тәжірибесі:

Балдар саны

тәжірибе жоқ

0

1 жылға дейін

2,8

1 жылдан 3 жылға дейін

3,75

3 жылдан жоғары

5

7

Тасымалдаушының ұсынған жолаушылар тасымалына бағаның (тарифтің) көтерілуі деңгейінің шекті орташа деңгейі, %

Қызмет көрсетудің бірінші жылында

Қызмет көрсетудің екінші жылында

Қызмет көрсетудің үшінші жылында

0

5

5

5

0,1-ден 3-ке дейін

4

4

4

3,1-ден 5-ке дейін

3

3

3

5,1-ден 7-ге дейін

2

2

2

7,1-ден жоғары

1

1

1

8

Ұпайдың барлығы

100 ұпайдан жоғары емес

      Ескертпелер:

      * дизель, - электр пойыздарымен жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жағдайында аталған шәкіл бағаланбайды;

      ** темір жол қатынастарына, тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондар/электропойызд және дизель пойыздар бойынша қызмет көрсету үшін жалпы вагондар санынан 100% вагондар санын ұсынған жағдайда аталған шәкіл бағаланады;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады