Ақтөбе облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету көлемін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 325 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 тамызда № 5935 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 163 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 15.04.2020 № 163 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің 65, 274-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 23 наурыздағы № 20-ө "2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жоюды қамтамасыз ету көлемі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберсін;

      3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қ.Ә. Бекеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексі қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.

      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 18 шілдеде
№ 325 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету көлемі

      Есептің бірінші жылы мен үшінші жылы аралығын қоса алған мерзімдегі Қамтамасыз ету мөлшері 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің 210-бабының 3-тармағында және 274-бабында бекітілген бір гектар үшін жұмыстарына жұмсалған жылдық ең төменгі шығын сомасының 10%-дық көлемінде төмендегі формуламен анықталады.

      О1=6940×АЕК×10%

      мұндағы:

      О1 - есепті қоса алғандағы бірінші жылдан үшінші жыл аралығын қоса алған мерзімдегі қамтамасыз ету мөлшері;

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш, республикалық бюджет заңы бойынша қаржылық жылға сәйкес бекітілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады