Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 517 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің 65, 264-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 23 наурыздағы № 20-ө "2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы бойынша кен іздеушілік үшін аумақтар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қ. Ә. Бекеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 324 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтар
Пайдалы қазба түрі | Кен орны (ауданы, учаскесі) | Орналасқан жері | Жер қойнауын пайдалану операция түрі | Қысқаша геологиялық ақпарат | |
Облыс, аудан | Координаттары | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Алтын | Борлы кен орны | Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы | 49˚15'00" - 58˚56'00" | Кен іздеушілік |
Кен орны 1946 жылы анықталды; 1948 жылы оның аумағында 1:10000 масштабта геологиялық түсіру жүргізілді; 1951 жылы Борлы кен орнының алтын кенді желісінің қоры бағаланған есепнама жасалды. |
Алтын | Мыңжасар кен орны | Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы | 48˚47' 00" - 58˚58'00" | Кен іздеушілік |
Кен көрінісі 1957-1959 жылдарда литохимиялық магнитті және и электро барлау түсірулер жүргізу барысында анықталған; 1961 – 1963 жж. анықталған литохимиялық ауытқуларды бұрғылау арқылы тексеру барысында, көрінген алтынды алғашқы алтынды желі табылды. |
Алтын | Пограничное кен орны | Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы | 48˚32' 00" - 58˚57'00" | Кен іздеушілік |
1972 жылы 1:10000 масштабта кешенді ГГФ жұмыстар жүргізу нәтижесінде ашылды. |
Алтын | Тастысай кен орны | Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы | 49˚ 12' 00" - 59˚18'00" | Кен іздеушілік |
1979 жылы 1:10000 масштабта кешенді ГГФ жұмыстар жүргізу нәтижесінде ашылды. |
Алтын | Шанаш кен орны | Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы | 49˚ 18' 00" - 59˚30'00" | Кен іздеушілік |
Кен орны 1976 жылы 1:50000 масштабта геофизикалық жұмыстар жүргізу нәтижесінде ашылды. |
Алтын | Сарлыбай кен орны | Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы | 48˚ 35' 00" - 58˚57'30" | Кен іздеушілік | Кендену Сарлыбай алабындағы гранитоидтардың негізгі құрамдағы вулканиттермен қатысты аймақтағы кварцты желімен байланысты. Кен орны 4 кварц кенді желісінен тұрады; оның жайылуы бойынша өлшемі – 75-тен 330 м-ге дейін., құлауы бойынша– 90 м-ге дейін; желісінің күші – 0,1-ден 1,2 м-ге дейін. Кен алтын-сульфид-кварцты. Алтын 1-2 мм-ге дейін болатын қабыршақ түрінде байқалған; алтынның орташа мөлшері – 24,92 г/т. |