Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 338 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 қыркүйекте № 5950 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 588 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2020 № 588 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 605-бабының 3-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшері қосымшаға сәйкес арттырылсын.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 19.06.2019 № 432 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Е. БЕКМҰХАМБЕТОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 338 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша

Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің арттырылған мөлшерлері

      Ескерту. Қосымшаның атауы жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 19.06.2019 № 432 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ п/п

Сыртқы (көрнекі) жарнама түрлері

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бір жағы үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 санат

2 санат

3 санат

Әбілқайыр хан, Әлия Молдағұлова, Абай, 312 атқыштар дивизиясы, Сәңкібай батыр даңғылдары, Әз-Наурыз, Бөкенбай батыр, Ағайынды Жұбановтар, Ғ. Жұбанова, 101 атқыштар бригадасы, Есет батыр, Пацаев, Маресьев, Тургенев, Шайкенов, М.Оспанов, Мәметова, Некрасов көшелері

Әйтеке би, Әкімжанов, Алтынсарин, Арынов, Асау Барақ, Ахтанов, Байғанин, Байсейтова, Вавилов, Гастелло, Герцен, Гришин, Жангелдин, Жанқожа батыр, Ш.Қалдаяқов, Қарасай батыр, Киселев, Кереев, Тайбеков, Рысқұлов, Шернияз, Мясоедов, Иманов, Смағұлов, Қонаев, Кобозев, Кеңес Нокин көшелері

Ақтөбе-Хромтау тас жолы, Ақтөбе-Сазды (Бауырластар) тас жолы, Оңтүстік айналма тас жолы 21,5-35,3 шақырым учаскелер, Ақтөбе-Қобда тас жолы, Ақтөбе–Мәртөк тас жолы, сондай-ақ 1, 2 санаттарға кірмеген Ақтөбе қаласының көшелері

1

2

3

4

5

1.

Сыртқы (көрнекі) жарнама 2 шаршы метрге дейін

1,8

1,5

1,2

2.

Лайтбокстар (сити-форматтағы)

3,6

3

2,4

3.

Ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама:




3.1.

2-ден 5 шаршы метрге дейін

5,4

4,5

3,6

3.2.

5-тен 10 шаршы метрге дейін

9

7,5

6

3.3.

10-нан 20 шаршы метрге дейін

18

15

12

3.4.

20-дан 30 шаршы метрге дейін

27

22,5

18

3.5.

30-дан 50 шаршы метрге дейін

36

30

24

3.6.

50-ден 70 шаршы метрге дейін

54

45

36

3.7.

70 шаршы метрден жоғары

90

75

60


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады