Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 338 "Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № 432 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 маусымда № 6268 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 588 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2020 № 588 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 605-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 338 "Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5950 тіркелген, 2018 жылғы 27 қыркүйекте электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшері қосымшаға сәйкес арттырылсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің арттырылған мөлшерлері".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Б. БЕРКІМБАЕВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады