Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 336 "Ақтөбе қаласының дамуының Бас жоспарында анықталған шекте жерге жер салығына базалық ставкаларды дифференциациялау мен бағалау аймақтары шекараларын белгілеу үшін Ақтөбе қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 364 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ақтөбе қаласы "Астана" ауданының Әділет басқармасында 2018 жылғы 20 қыркүйекте № 3-1-208 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 444 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 27.06.2019 № 444 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 336 "Ақтөбе қаласының дамуының Бас жоспарында анықталған шекте жерге жер салығына базалық ставкаларды дифференциациялау мен бағалау аймақтары шекараларын белгілеу үшін Ақтөбе қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-192 тіркелген, 2018 жылғы 20 маусымында электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі шешімнің тақырыбында:

      "дамуының" деген сөз алып тасталсын;

      кіріспе келесі редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 7-баптарына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8 және 11-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 "Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      қазақ тіліндегі шешімнің 1-тармағында:

      "және" деген сөз алып тасталсын;

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің 1 қосымшасында:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Ақтөбе қаласының Бас жоспарында анықталған шекте жерге жер салығына базалық ставкаларды диффренциациалау мен бағалау аймақтары шекараларын белгілеу үшін Ақтөбе қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасы".

      2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
Т. Хамитов
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады