Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 28 "Алға ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 149 шешімі. Ақтөбе облысы Алға аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 19 наурызда № 3-3-148 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға аудандық маслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 28 "Алға ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4988 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 шілдеде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы И. Рущук
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады