Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Алға аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 4 "Алға ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы" нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-18 болып тіркелген (2006 жылғы 14 қаңтардағы № 2-3 аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған);
2) Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 47 "Алға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы" нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5094 болып тіркелген (2016 жылы 17 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2."Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Алға аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
К. Ксупов |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Б. Жұмабаев |