Ырғыз ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 189 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 3-5-201 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылға келесідей әлеуметтік қолдау көрсетілсін:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада- бюджеттік несие.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 18.07.2019 № 238 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихат сессиясының төрағасы
Қ. Бөлек
      Ырғыз аудандық
мәслихат хатшысы
К. Қосаяқов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады