Шектеу іс-шараларын алу және Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 10 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 1 тамыздағы № 30 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 6 тамызда № 3-5-188 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 12 шілдедегі № 2-17/221 ұсынысы негізінде Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылжар ауылдық округі Жаныс би ауылы Достық көшесінде мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық сауықтыру іс-шаралар кешені жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 10 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-5-171 болып тіркелген, 2018 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімді Ырғыз аудандық Әділет басқармасына мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауылдық округінің әкімі А. Ізбасарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады