Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қобда аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 29 "Қобда ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5289 болып тіркелген, 2017 жылы 16 наурызда "Қобда" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қобда аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Қалдығұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қобда ауданының әкімі | М. Шермағанбет |