Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 – 1 бабына сәйкес, Қобда ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 2-10-3/50 ұсынысы негізінде, Жиренқопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жиренқопа ауылдық округінің ауылы аймағында ірі мүйізді қара малдары арасынан бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс- шаралары алынсын.
2. Жиренқопа ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 9 "Шектеу іс- шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5435 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 сәуірде "Қобда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Жиренқопа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қобда ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жиренқопа ауылдық округінің әкімі |
М. Ж. Кульниязов |