Родников ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 16 ақпандағы № 1 "Родников ауылдық округінің Родников ауылының көшелеріне атау беру және өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Родников ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 18 маусымда № 3-8-179 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер" туралы Заңының 50 бабына сәйкес, Родников ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Родников ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 16 ақпандағы № 1 "Родников ауылдық округінің Родников ауылының көшелеріне атау беру және өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-149 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 сәуірдегі аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі мәтінінде "Б. Момышұлы", "К. Маркс", "Д. Қонаев", "А. Молдағұлова" сөздері "Бауыржан Момышұлы", "Карл Маркс", "Дінмұхамед Қонаев", "Әлия Молдағұлова" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде "Ул.", "Б. Момышулы", "Д. Конаев", "А. Молдагулова" сөздері "Улица", "Бауыржан Момышулы", "Динмухамед Конаев", "Алия Молдагулова" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Родников ауылдық округінің әкiмi А. Күзенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады