Родников ауылдық округінің Родников ауылының көшелеріне атау беру және өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Родников ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 16 ақпандағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 15 наурызда № 3-8-149 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелеріндегі, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "селосындағы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Родников ауылдық округінің әкімінің 10.11.2015 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің мәтінінде "Б. Момышұлы", "К. Маркс", "Д. Қонаев", "А. Молдағұлова" сөздері "Бауыржан Момышұлы", "Карл Маркс", "Дінмұхамед Қонаев", "Әлия Молдағұлова" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Родников ауылдық округінің әкімінің 04.06.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Занының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 37 бабының 3 тармағына және 2011 жылғы 11 тамыздағы № 1 азаматтар конференциясының хаттамасына сәйкес Родников ауылдық округінің әкіміШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Родников ауылындағы келесі көшелерінің:

      1) Абай;

      2) Бейбітшілік;

      3) Гагарин;

      4) Жамбыл;

      5) Достық;

      6) Есенин;

      7) Қарабұлақ;

      8) Пацаев;

      9) Пушкин;

      10) Ружанский;

      11) Үміт;

      12) Гоголь; - атаулары берілсін.

      2. Родников ауылындағы келесі көшелерінің атаулары:

      1) Ленин көшесі – Бауыржан Момышұлы көшесі;

      2) Карл Маркс көшесі – Дінмұхамед Қонаев көшесі;

      3) Урожайная көшесі – Әлия Молдағұлова көшесі;

      4) Садовая көшесі – Есет батыр көшесі – деп өзгертілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманы А.Т.Есенамановаға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Родников ауылдық округінің әкімі: Д. Тастыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады