Сарыжар ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1 "Сарыжар ауылдық округі көшелерін қайта атау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 9 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 3-8-199 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Сарыжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыжар ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1 "Сарыжар ауылдық округі көшелерін қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-8-139 болып тіркелген, 2011 жылдың 8 желтоқсанында "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сарыжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыжар ауылдық округінің әкімі А. А. Есенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады