Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 06 қыркүйектегі № 1 "Жайсаң ауылдық округі көшелеріне атау беру және атауын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 18 маусымда № 3-8-182 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәурдегі "Құқықтық актілер" туралы Заңының 50 бабына сәйкес, Жайсаң ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 06 қыркүйектегі № 1 "Жайсаң ауылдық округі көшелеріне атау беру және атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-138 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 қазанда аудандық "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі мәтінінде "Динмухамед Конаев", "Әлия Молдағулова" сөздері "Әлия Молдағұлова", "Дінмұхамед Қонаев" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде "Д. Кунаева", "С. Есенгалиева", "К. Медетова", "А. Молдагуловой" сөздері "Динмухамед Кунаев", "Сагинбай Есенгалиев", "Камбар Медетов", "Алия Молдагулова" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жайсаң ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ә. Ә. Закенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады