Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 "Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 29 маусымда № 3-8-185 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Аққұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 "Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-70 болып енгізілген, 2009 жылғы 7 қаңтарында аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімінің қазақ тіліндегі мәтінінде "Бауржан Момышулы", "Сейфулин", "Қарабұтақ" сөздері "Бауыржан Момышұлы", "Сейфуллин", "Қарабұлақ" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімінің қазақ тіліндегі мәтіннің 2 тармағындағы "Рыбаковка" сөзі "Жаңажол" сөзімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімінің орыс тіліндегі мәтінінде "Сейфулин" сөзі "Сейфуллин" сөзімен ауыстырылсын;

      шешімінің орыс тіліндегі мәтіннің 2 тармағындағы "Первомайка" сөзі "Жанажол" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққұдық ауылдық округінің әкiмi Қ. Отаралин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады